
Жақсылықов ұсталмапты. Үйінде тынығып жатыр екен…
Әзірде ғана экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы қауесет тараған еді,- деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. Ulysmedia мен Elmedia дереккөзге сүйеніп, бұрынғы министрдің қамауға алынғанын хабарлап үлгерген. Артынша әлемжеліде әйел, бала-шағасының ортасында түстеніп отырған Жақсылықовтың видеосы тарап, экс-шенді ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Жақсылықов өзі туралы жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдеріне өкпелеп отыр. Оның көмекшісі…