Елімізге Болгария президенті келеді

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

🇰🇿Бұл туралы Ақорданың Telegramm арнасында жазылды

   Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады,-делінген дереккөз берген ақпаратта.