Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында өткен кеште Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Қуат Шілдебаев, Теміржан Базарбаев сынды аты аңызға айналған сазгерлердің және қазақ музыка өнері дара тұлғаларының туындылары шырқалды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
кеш бағдарламасында махаббат, туған жер, сағыныш, ананың аялы алақаны, жастық шақ, асқақ арман, шынайы сезім көрініс тапқан туындылар «SAZ&SOUL» тобының сүйемелдеуімен орындалды.
Көреремен көңілінен шыққан кеште белгілі әншілер, Құрмаш Махан, Нұрболат Арзамасұлы, Гүлсім Мырзабекова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Бауыржан Исаев, Алтыншаш Мұқатаева, Анна Уварова «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Сұлтан Ахмет, Дидар Әбдухалық, Қуандық Шалқарұлы, Асылхан Шалқаров, Ербол Тәжібаев, Жанна Сандыбаевлар аөнер көрсетті.
«Арман жылдар» концерті — дәл сол сағындырған әндерді бірге шырқап, көрерменге ерекше әсер сыйлайтын музыкалық кеш болды.
Аталаған концерттің тағы бір ерекшелігі танымал әндердің заманауи өңдеумен, жаңа интерпретацияда шырқалып, тың серпінмен көрерменге жол тартуында болды.