Прокурорлық тексеру барысында елордадағы 32 мектепте мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген медициналық ұйымдардың тиісті қызметке лицензиясы мен қажетті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары болмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Заңды қадағалаушы органның айтуынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, балалардың тегін медициналық көмек алуға құқығы кепілдендірілген.
Алайда, елордалық прокурорлар жергілікті атқарушы орган мектеп медицинасын тиісті деңгейде ұйымдастырмағанын анықтады.
Тексеріс нәтижесінде қадағалау актісі негізінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура ұсынған шараларды орындау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық, медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, осы нысандарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде,-деп атап өтті дереккөз.
Сонымен қатар блалардың құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін айтады.
Фото: дереккөзден