Астана қаласының прокуратурасы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты Ұлттық шаралар жоспарын іске асыру аясында Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуы мен конституциялық заңдылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Астана қаласы прокуратурасы Басқармасының аға прокуроры, Әлия Қыстаубаева Сотпен ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы Конституциялық Соттың арнайы нормативті қаулысы бар екендігін айтады.
Ақшалай өндіріп алу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеуге шағым жасау бөлігінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 124 бабының 2 бөлігін қолдану туралы Конституциялық Соттың 2024 жылғы 10 қаңтардағы №40 нормативтік қаулысында көрсетілген нормаға келесідей түсіндіру берілген,-дейді Ә. Қыстаубаева.
Оның түсіндіруінше, ақшалай өндіріп алу қолданылған тұлға, сот актісі табысталған күннен бастап жоғары тұрған сотқа шағымдануға құқылы.
Бұл ретте, аталған тұлғада заңмен белгіленген мерзімде қолданылған ақшалай өндіріп алуды орындау міндеті сақталады. Ақшалай өндіріп алу сәйкесінше ұйғарым табысталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төленуі тиіс, деп атап өтті құқық философиясының докторы, әділет кеңесшісі.
Прокурордың айтуынша, аталған нормативте заңмен, ақшалай өндіріп алу қолданылған тұлғаны төлеуден босату, ақшалай өндіріп алу мөлшерін азайту, төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу механизмі де қарастырылған.