Енді азаматтар қаржылық мониторинг органдарына WhatsApp арқылы хабарласа алады

 WhatsApp-боттың мақсаты — қаржылық мониторинг органдарына жүгінетін азаматтардың жиі қойылатын сұрақтарына жедел жауап беру.  ,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы елімізідің Қаржылық мониторинг агенттігі баспасаөз қызметі мәлімдеді.

Бастама еліміздің азаматтары үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», сондай-ақ ашықтық, айқындық және ақпараттың қолжетімділігі қағидаттарын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр.

 Енді әрбір азамат аталған қосымша арқылы өзіне қажетті консультация ала алады, нормативтік-құқықтық актілермен таныса алады және мемлекеттік қызметтер көрсететін мобильді қосымшалар мен сервистерге қол жеткізе алады. Сондай-ақ уәкілетті органдардың өзекті байланыс деректерін ала алады, — дейді агенттік өкілдері. 

➡️Ол үшін 8 701 000 14 58 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.