Астанада Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен №6 мектептің оқушылары арасында белгілі актер Дәурен Серғазиннің қатысуымен құқықтық дәріс өткізілді,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қала прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасы бойынша «Заң және Тәртіп» қағидасын және «Жас үміт» жобасын жүзеге асыру аясында өтті.
Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін және заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу барысында жас түлектер үшін өзекті кәсіби маман таңдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сарыарқа ауданы прокуроры алдағы табыстар мен жетістіктердің негізі ретінде заңды сақтау қажеттігін және адамгершілік мінез-құлықтың маңыздылығын атап өтіп, профилактикалық әңгіме жүргізді.
Шақырылған қонақ ретінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин жеке тәжірибесімен бөлісіп, өмір жолын таңдауда жолдау сөздерін айтты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар арасында кеңінен танымал азаматтардың қатысуы тәрбиелік хабардың ықпалын арттырып, заңды құрметтеуге, азаматтың құқықтары мен міндеттерін түсінуге тәрбиелеуде шешуші рөл атқарады.
Прокуратураның бастамасымен өткен мұндай шаралар мектеп оқушыларының құқықтық және адамгершілік санасының негіздерін нығайта отырып, заң мен адамгершіліктің адам өміріндегі рөлі туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді,-дейді ұйымдастырушылар.