Қожағапанов 2017-2019 жылдары Мәдениет және спорт вице-министрі 2019-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2021 жылы қайтадан Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған.
Оның сыбайласы деп айыпталған Ләззат Көккөзоваға сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Осы үкіммен қоса оған 7 жыл мерзімге форумдар ұйымдастырумен байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалсын, – деді судья Қанат Тобағалиұлы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ерлан Қожағапановты 2024 жылдың наурызында ұсталған болатын.
Ол «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзовамен бірге 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы көрмесін ұйымдастыру кезінде 1 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.
Антикордың берген мәліметінше , 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасаған кезде форумды өткізу үшін жасалған сметада бағаны екі есе өсіріп көрсеткен.
Сот процесі бес айға созылды.
Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Ерлан Қожағапановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Бұл бапта ауыр салдарға алып келген лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану әрекеті көрсетілген. Ал Ләззат Көккөзоваға қатысты прокурор 8 жылға соттауды сұрады.
Ерлан Қожағапанов сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Оның сөзінше жауап берген, куәгерлерге қысым жасалған. Ол судьядан істің объективті түрде қаралуы үшін нейрожелі арқылы қайта тексеруді талап етті. Алайда сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмады.
Тағы бір дерек, Ерлан Қожағапанов бір жылдары еліміздегі футбол федерациясының президенті болып та қызмет атқарған.