Келесі жылы күшіне енетін Салық кодексінде осыны көздейтін норма бар,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Егер салық төлегіңіз келмесе, үйді бір рет сатқан соң, келесі сауданы екі жылдан кейін ғана жүргізе аласыз.
Бұл алыпсатарлар мен пайда табуды көздейтін риелторлардың қызметін реттеу үшін енгізілетін норма. Олар табысының 10-15% салық ретінде төлеуге міндеттелмек. Талап саяжай, көлік тұрағы, шаруашылық және басқа да мүліктердің сатылымына да қатысты.