АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

Енді Киев пен Вашингтон табиғи байлықтарды бірлесіп өндіреді. Сондай-ақ, Украинаны қалпына келтіру үшін арнайы инвестициялық қор құрылады. АҚШ-тың Қаржы министрлігі жариялаған ақпаратта экономикалық ынтымақтастық екі ел үшін де тиімді екені айтылған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Сондай-ақ, бұл қадам Ресейге Трамп әкімшілігінің Украинаның еркін әрі егемен ел ретінде дамуын қолдайтынын көрсетеді. Дегенмен, Дональд Трамптың көздегені басқа. Саясаткер Украинаны қолдауға кеткен қыруар қаржыны кері қайтаруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, үш жыл көлемінде АҚШ соғыс үшін 350 млрд доллар жұмсаған. Трамп қомақты қаржыны сирек металдар саудасы арқылы Украинадан өндіріп алмақ.