Ұлан-Батырдағы мектепте қазақ тілі пәні оқытыла бастады

Моңғолия астанасының «Fast Academy» білім орталығында қазақ тілі пәнін оқытатын сынып ашылды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz апараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақ сыныбының ашылу рәсіміне  Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі қызметкерлері, «Ұлан-Батыр қаласындағы Баян-Өлгий аймағының жерлестер алқасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Айдос Абиланы, «Fast Academy» орталығының директоры Ерболат Ашик пен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты,- делінген хабарламада.

Бұл заманауи құралдармен жабдықталған сынып балалар мен жастардыңқазақ тілін оқуға және қазақ халқының мәдени мұрасымен танысуға кең мүмкіндіктер бергелі отыр.

Соңғы жазбасы

БІздің инстаграмға жазылып сенімді ақпараттарды алып отырыңыз