Шетелден келген спортшыларға ел қазынасынан ақша төлеуге біржола тыйым салынды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Тоқаев әзірде ғана тиісті заңға қолын қойып, мөрін басты.
Қаражат тек халықаралық додаларда нәтиже көрсеткен, Олимпиада, Паралимпиада және ұлттық спорт түрлеріне бағытталады.
Легионерлерге төленген миллиондар енді ауыл-аймаққа жетіп, спорт мектептеріне, жас таланттарға бұрылады деген үміт бар.