Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қайтыс болды

Қытайдың шығысындағы қарттар үйінде орын алған өрт салдарынан кемінде 20 адам қайтыс болды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Агенттіктің мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де Хэбэй провинциясына қарасты Чэндэ қалалық округінде болған.

Оқиға кезінде ғимаратта болған қарттар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жазбасы

БІздің инстаграмға жазылып сенімді ақпараттарды алып отырыңыз