9 миллиард теңгеге салынған “Шөкеев жағажайының” жағдайы елді шошытты

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында 9 миллиард теңгенің қалай «құмға сіңгені» туралы видео тарады,-деп хабарлайды JurtMedia.kz.

Бұл Өмірзақ Шөкеев әкім болып тұрған кездегі жағдай. Бейнежазбада жағдайдың қаншалықты мүшкіл екені анық көрінеді – шынайы кадрлар бұл инвестицияның орынды жұмсалғанына және жүзеге асырылған нысандардың сапасына қатысты сұрақтар туындатады.

Қоғам белсендісі Дидар Смағұлов болса, мұны «Шөкеев жағажайы» деп атады. Өйткені бұл жобаға қаржы Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тұрған кезде бөлінген. Қоғам белсендісі қазіргі жағажайдың жағдайы көңіл көншітпейтінін жеткізді.