Құтқарушылар аймақтағы жойқын орман өртінен зардап шеккен барлық аймақтарға әлі жете алмағандықтан, құрбан болғандардың нақты саны белгісіз, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
DW агенттігінің жазуынша жергілікті біиліктің соңғы берген мәліметі бойынша белгілі болған қаза тапқандар саны 16-ға жеткен. Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметі 12 мыңға жуық үй қирағанын жеткізді. Қала маңында, шамамен 9,500 гектар жер өртеніп кеткен. Өткен түнде өрт аумағы тағы да ұлғайған.
Соңғы бірнеше күнде 180 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 11 қаңтарда өрт бұрын адам қолы тимеген аумақтарды шарпыды. Осыған орай билік эвакуация аймағын кеңейтті. Соңғы тәулікте желдің азадап басылуымен ылғалдылықтың жоғарылауы өртті ауыздықтауға біршама жақсы ықпал жасаған. Алайда, АҚШ-тың Ұлттық метеоролия қызметі келесі аптадағы жайсыз ауа-райы өрттің таралуына тағы да ықпал ететінін ескертті.
Қала билігі тұрғындарға өрт салдарынан ауа сапасының нашарлығына байланысты мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес беріп жатыр.
Ашық ауада жұмыс істейтін кез келген адам респиратор киюі керек,- деді Лос-Анджелес округінің денсаулық сақтау департаментінің өкілі Аниш Махаджан.