2000-ға жуық іздеуде жүрген күдікті ұсталды (видео)

2024 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстанның өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп түрлі деңгейде қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 1949 азаматты ұстады, – деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ведомство таратқан деректі Polisia.kz сайты жариялады.    844 күдікті  ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттерде бой тасалап жүрген.

Олардың ішінде: адам өлтіру бойынша – 43;

 қарақшылық шабуыл бойынша – 22;

денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37;

 зорлау бойынша – 6;

тонау бойынша – 68;

 бопсалау бойынша – 21;

ұрлық бойынша – 484;

есірткі қылмысы бойынша – 91.

ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттерден 844 қылмыскер ұсталды. Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды, — делінген дереккөз таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, қаңтар айының басында Шымкентте жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген  52 жастағы ер адам ұсталды. Ол өткен жылдың қараша айында қарызын қайтармағаны үшін 54 жастағы қала тұрғынын атып кеткен.

Соңғы жазбасы

БІздің инстаграмға жазылып сенімді ақпараттарды алып отырыңыз