Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының авиациялық-жөндеу зауыты базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыстар, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалған деп хабаралайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Авиациялық апаттың алдын ала себебі техникалық ақаулық деп қарастырылуда. Алайда түпкілікті қорытынды тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен кейін жасалатын болады.
Ми-8 тікұшақтары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің қолданысында. Техниканың бұл түрі 50-ден астам елде қолданылады және өзінің көп функционалдығы мен сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі., — делінген салалық ведомствоның ақпаратында.
Министрліктің жазуынша, тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар және күндіз де, түнде де қиын метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған.