Күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы «Qajymuqan» фильмі 10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларындаі көрсетілімін бастайды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, түсірілім жұмыстарын 2020 жылы бастаған. Төрт жыл уақыт түсірілген туынды үлкен экранға шыққалы отыр.
Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.
Қажымұқан Мұнайтпасов — француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Ол өзінің артықшылығын өз заманының ең жақсы балуандарына қарсы жеңістерімен дәлелдеді. Қажымұқан өзінің спорттық жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал болған алғашқы қазақ болды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода көрермендер біздің атақты отандасымызға қол шапалақтады, — дейді фильм режиссері Қ. Мұстафин.
Оның сөзінше туындыны түсірудегі негізгі мақсат, француз күресінен чемпион атағын жеңіп алған, аса ауыр салмақта өткізілетін классикалық күресте бүкілодақтық және әлем чемпионаттарының бірнеше рет жеңімпазы атанған тұңғыш қазақ баласының ғұмырымен өскелең ұрпақ танысу керек, білу керек, ұлықтап әрі үлгі алу керек.
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен