Ақтауда тағы бір әскери өз-өзіне қол салды

Ақтауда әскери қызметші асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы, Toppress.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің жазуынша марқұм Ақтаудағы №51809 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген.

Кейбір ақпарат көздері Ақтаудағы №51809 әскери бөлімнің сержанты белгісіз себептермен өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлады. Өкінішке орай біз апта сайын осындай жаңалықтарды оқып тұратын болдық. — делінген хабарламада.

Алайда,  ақпаратқа қатысты еліміздің Қорғаныс министрлігі немесе Ішкі істер министрлігі әзірге ешқандай ресми  түсініктеме берген жоқ.

Фото: ашық дереккөзден