Қостанайда үш жасөспірім бес жасар қызды зорлаған

Жағдай туралы қыз барлығын атасына 2 аптадан соң айтқан. Тексере келе, кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірім қызды бұталардың арасына апарып, жыныстық сипатта әрекет жасаған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Не молчи Kz қорының жетекшісі Дина Таңсәріден, қостанайлық жалғызбасты ана көмек сұраған. Әйелдің  сөзінше, аулада велосипед құрастырып жатқанда қызын көрші бала үйдің артына алып кеткен. Қызы бір уақытта кір, ұйпа-тұйпа күйде бір қап ойыншық ұстап келген. Қорқып кеткен анасы оған ұрысқан. Қыз анасына болған жағдай туралы ештеңе айтпаған.

Олар қызды шешіндіріп, екеуі ұстап тұрған. Қыз айғайлап, қарсылық көрсеткенде оның шекесінен таспен ұрған. Қыздың жыныс мүшесін ұстап, қамыс арасына кіргізбек болған. Кейін үшеуі жыныс мүшелерін қыздың аузына салуға мәжбүрлеген. Олар болған жағдай туралы ешкім білмес үшін қызға бір қап ойыншық берген. Қыз бар болғаны 5 жаста, ал зәбір көрсеткен жасөспірімдердің жасы 8, 12 және 13-те, – делінген жазбада.

Полиция сараптама тағайындап, балалардан жауап алды. Олар өз кінәсін мойындады.

Фото: Ғаламтордан