Аягөздегі гарнизонда әскери қызметші көз жұмды

 Қорғаныс минстрлігі  қайғылы оқиғаға қатысты  қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Қайғылы оқиға Абай облысы, Аягөз қаласындағы орналасқан әскери гарнизонда болған.

Бүгін яғни 13 маусым күні  оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, қайтыс болды, Аталған жағдайға қатысты кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады, -делінген ведомство таратқан ресми ақпаратта

Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады.