әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғимаратқа күтім жасау үшін 1.1 млрд. теңгеге тендер жариялады

Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғимараттарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге  1,1 млрд теңгеден аса қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Жоспарланған қомақты қаражат туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.

Тапсырыс беруші – «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ; атауы — ғимарат /үймарат/құрылым мен жапсарлас аумақтарға күтім жасау қызметі; қосымша сипаттамасы — ғимаратқа техниқалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; саны — бір; өлшем бірлік — бір қызмет; жоспарлы сома — Т1 132 675 808», — деп  көрсетілген мемлекеттік сатып алу порталындағы конкурстық хабарламада. 

Құжатта көрсетілгендей конкурсқа өтінімдерді қабылдау 23 мамырда басталған, 7 маусымда аяқталады.