Тосын оқиға Атырау облыстық соты залында болған. 40 жастағы ер адам өзіне тағайындалған айыпқа қарсылығын білдіру мақсатында білек тамырын пышақпен кескен, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралды жергілікті «Ақ Жайық» газеті жазды.
Сотталған азаматқа ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.
Бұл оның алғашқы соттылығы емес. Бұған дейін сотталушының 36 жастағы бұрынғы әйелінің ажырасу процесі кезінде күйеуінің үстінен жазған арызы негізінде ол 389-бап («өзінше билік ету») бойынша кінәлі деп танылып сотталған.
Өзіне қатысты тағы да бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққанын есітген кезде сотталушы күре тамырын кесу арқылы өзіне қол жұмсауға әрекет еткен.
Мен шаршадым, мені қайта-қайта тұтқындап жатыр. Менің шыққаныма бір жарым ай болды. Ешқандай әділетсіздік жоқ, мен өзімді өлтіремін, — деді ол.