Астанада мектеп есепшісі жоқ қызметкерлерге жалақы төлеп келген

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша қаладағы мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады,- деп хабарлады Jurtmedia.kz 

анықталғандай білім ошағында 7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылып келген.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, — деп жазды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.