
«Дүйсенбілік спорт» жобасы биыл да жалғасуда
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында орталық стадион жанындағы қосалқы шағын алаңда базар жастары арасында мини футболдан өткен турнир мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды «Байсат» базарынан келген «Жібек жолы» командасы иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын олжалады. ІІ-орынды «Саламат» базарының жастары алып, олар 150 мың теңгенің сертификатын қанжығаларына байлады. Үшінші орынды «Қазына»…