Алматы қаласында магнитудасы 3 балл болатын жер сілікінісі байқалды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz.
Оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 25 ақпанда Алматы уақытымен 10 сағат 14 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) орналасқан Алматы қаласындағы сезілу деңгейі 3 балл.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі,- деп жазды ведомство.