Павлодар облысында электр станциясына бөлінген 1 млрд. теңге ұрланған

Залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында бөлінген қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады. Қаражат 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған. Тексеріс нәтижесінде расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңге екені белгілі болды.

Аталған жағдайға қатысты ҚР  ҚК-нің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстың барлық мән-жайлары мен залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары қолға алынды.