«Қазкоммерцбанктен» қаржы ұрлағандардың қымбат мүліктері тәркіленді

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті мен қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Агенттік мәліметінше параллельді қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілерден сотқа дейінгі мүлік тәркілеу рәсімі жүзеге асқан.

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер телімдері мен автокөліктер тәркіленген. Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген. Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне өтті, —  делінген ведомство таратқна мәліметте. 

Қазіргі уақытта тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасуда.