Түркістанда жоғалған екі азаматтың біреуі өлі табылды

Түркістан облысында  1975 және 1989 жылдары туған екі азамат ауа-райының қолайсыздығынан адасып кеткен, деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Олар 7 ақпанда  Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД,  күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырыл.ан.

Іздеу жұмыстары ауа-райының нашарлауымен қиындады. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке орай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.