Президент Қазақстан республикасының жаңа Премьер министрін тағайындау тралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — деп жазды Ақорда сайты.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер.
Еңбек өтілі:
2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.
2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.
2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.
2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.
2012-2014 жж. – ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы.
2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.
2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.
Осыған дейінгі соңғы қызмет орны 2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары:
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені (2014 ж.).