Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

Алматы қалалық сотының алқасы, Рахат Тұрлыхановқа қатысты әйелін  ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды,  деп хабарлады Jurtmedia.kz

Бұл туралы Аламты қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін бірінші сатылы сот Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған болатын.

Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Нәтижеснде,  Алматы қалалық сотының алқасы,  алдыңғы  МАӘҚС қаулысын өзгертті. Сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза — ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді, — деп жазды Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігі – әкімшілік ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны қарастырады.

Қаулы заңды күшіне енді.