«Ұлымның өлтіру туралы ойы болмаған»: Бишімбаевтың әкесі қылмысқа қатысты пікірін айтты

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы мейрамханада ұрып өлтріді деген күдікке ілініп, қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ұлының ісіне қатысты үндеу жариялады, деп хабарлады, Jurtmedia.kz

Күдіктінің әкесінің  видеосы Ертісбаев Live Youtube-арнасында жарияланды. Онда Уәлихан Бишімбаев ұлының Салтанат Нүкенованы өлтіргісі келмегенін айтқан.

Уәлихан Бишімбаев алғашқы сөзін экс-құдаларына бұрынғы келіні марқұм Салтанат Нүкенованың  қазасына қатысты көңіл айтумен бастаған.

Ең алдымен, отбасымның атынан Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл — орны толмас қайғы. Өздеріңізге белгілі, 9 қарашада қайғылы жағдай болды. Нүкеновтер қызын жоғалтса, біз келнімізді жоғалттық. Ұлымыз тергеліп жатыр. Бұл жағдай болғаннан бастап, БАҚ-та шыққан жаңалықтарға талдау жүргізіп келемін. Журналистер мен блогерлер жазбасын оқып жүрмін. Әр азаматтың сөз еркіндігі бар, бірақ қоғамды тергеудің жария етілмейтін құпиялығына назар аудартқым келеді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша соталды тергеу ісі жария етілмейді», — деді Уәлихан Бишімбаев.

Сонымен қатар ол ұлының бұрынғы жұбайын өлтіру ниеті болмағанына сенімді екендіктерін жеткізді.

Мен әке ретінде ұлым үшін қатты уайымдаймын, бірақ оны ақтамаймын. Ешқандай кабинеттерге барған жоқпын да, бармаймын да… Ата-ана ретінде ұлымыздың Салтанатты өлтіргісі келмегеніне сенеміз. Олар отбасын құрып, ары қарай өмір сүргісі келді. Пәтерінде жөндеу жұмысын жүргізіп, киім бөлмесін Салтанат үшін үлкейтуді қалады. 9 қарашада не болғанын біз де білмейміз. Бірақ біз ұлымыздың өлтіру туралы ойы болмағанына сенеміз, — деді күдіктінің әкесі.

Айта кетейік бұған дейін экс- Ұлттық экономика министрі ҚуандықБишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Оқиға оның өзі иелерінің бірі болып табылатын Астанадағы BAU мейрамханасында болған. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу жүріп жатыр.

Фото: Ашық дереккөзден