«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасағын үшін жауапқа тартылып, сот үкімі шықты, деп хабарлады jurtmedia.kz
Ол шаруа қожалығына бөлінген 90 млн теңге несиелік қаражатты өз пайдасына жұмсап жіберген.
Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шаруа қожалығының басшысы шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие рәсімдемек болған. Ол мақсатын жүзеге асыру үшін өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталды.
Оған 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінді. Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы мүлдем басқа ЖШС-мен шарт жасатқан.
Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған. Алайда, бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, — деп жазды дереккөз.
Ол сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, дереккөзде сотталған заматтың аты-жөні айтылған жоқ.
Фото: ҚМА басапасөз қызметінен