Президенттік жастар кадр резерві елдің дамуына ықпал етеді

Президенттік жастар кадр резерві жас көшбасшыларды қолдап, олардың дамуына бағытталған негізгі бастама. Жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, қоғамдық және мемлекеттік өмірге атсалысуға, сондай-ақ елдің болашағын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл білікті кадрлық әлеуетті құруға ықпал етеді және қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етеді.

Президенттік жастар кадр резервінде кезеңдердің өтуі қатаң бақыланады және прокторинг жүйесін қоса алғанда, заманауи технологиялармен бағаланады. Яғни, барлық қатысушыларға тең жағдай жасалды. Бұл іріктеу процесінің сенімділігін қамтамасыз еткенін атап өткім келеді. Жалпы жоба білікті жастардың қоғамға, елдің дамуына үлес қосуына таптырмас  мүмкіндік деп есептеймін. Іріктеуге қатысқан әр қатысушы өз саласының үздігі және сол бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды ілгерілетуге ниетті. Мысалы, болашақта цифрландыру саласы біздің қоғамды тұрақты және бәсекеге қабілетті ете алатынына сенемін және цифрлық трансформация дәуірінде елдің дамуына ықпал еткім келеді.

Бұл жобада жеңімпаз атанған 50 қатысушы Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданады. Алдағы уақытта олар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда түрлі жауапты қызметтерге тағайындалады деген сөз. Ол ортада  біліктілігін шыңдап, мүмкіндіктерін мемлекеттің өркендеуіне пайдалана алады.

Мейрамбек Аширбеков 

Астана қаласы Цифрлық және мемлекеттік

қызметтер басқармасының басшысы