Астана маңында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлады, Jurtmedia.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Астана-Қабанбай батыр тас жолының 18-ші шақырымында болған. «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің маңында екі «ГАЗель» көлігі соқытығысқан. Белгілі болғандай «ГАЗель» жүргізушісі Қабанбай батырға ауылына қарай келе жатып, қарсы Астана бағытында келе жатқан жедел жәрдем көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан 28 жастағы фельдшер әйел, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат Қосшы қалалық полиция бөлімінің кезекші пунктіне 13-нен 14-желтоқсанға қараған түні келіп түскен.
Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі