Абай облысында 18 адам қар құрсауында қалып кеткен

Түнде Абай облысы, Көкпекті ауданында, Көкпекті ауылынан 30 шақырым жерде жабық автожол учаскесінде қар құрсауынан 6 жүк және 2 жеңіл автокөлік шыға алмай қалған, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Облыстық ТЖД күштерімен 18 адам құтқарылып, Көкпекті ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Жүргізушілер жол қозғалысына шектеу енгізілгенге дейін аталған учаскеге шығып кеткен, — делінген ТЖМ берген ақпаратта. 

ТЖМ тұрғындарға сапарға шығар алдында автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты нақтылап, қызметтердің ұсынымдарын сақтауды ескертеді.

Фото:ашық дереккөзден.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика